Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 сәуір 2008
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық Банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу және қадағалау агенттігінің және Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің есептеріне арналған кеңеске қатысты.

Ұлттық банк төрағасы Ә.Г.Сайденов Ұлттық банктің 2007 жылғы жұмыс нәтижесі жөнінде есеп берді.


Жалпы Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда 2007 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған қиыншылықтарға қарамастан қазақстандық банк жүйесі, жалпы отандық қаржы жүйесі әлемдік нарықтағы тұрақсыздықты табысты өткерді.


Баға өсімі жөнінде сөз қозғаған Ұлттық банк басшысы 2007 жылғы инфляцияның елеулі факторы ретінде әлемдік нарықта орын алған азық-түлік, энергия тасымалы, сондай-ақ бірқатар монетарлық факторлардың жағдаятын атап өтті. Соған қарамастан, Ұлттық банк басшысы атап көрсеткендей, 2008 жылдың І тоқсанының өзінде баға өсімінің қарқыны төмендеген.


Президент Ұлттық банктің инфляцияны тежеуге қатысты қызметін арттыру қажеттігін және бұл міндетті еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етумен бір қатардағы аса маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өтті.


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Е.Л.Бахмутова өз баяндамасында 2007 жылғы екінші деңгейлі банктердің активтері мен несиелік жиынтықтың өсу қарқыны біршама бәсеңсігені жөнінде және қаржылық тұрақтылықты бағалау жүйесін әзірлеуге қатысты агенттікпен қабылданған іс-шаралар жөнінде айтып өтті. Агенттік төрайымының пікірінше, агенттік алдына қойылған міндеттерді шешу үшін осы органның функционалдық қызметін жүйелі түрде нығайту қажет.


Президент Агенттіктің банк жүйесі жай-күйіне мониторинг жүргізу жұмысты күшейту, институттық мүмкіндіктерін молайтуға қатысты міндеттерді қойды. Сондай-ақ, тез арада Агенттіктің өкілеттілігін күшейтуге бағытталған заңдарды әзірлеп, қабылдау қажеттігіне тоқталды.


Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы А.К.Арыстанов агенттіктің 2007 жылы қаржы нарығын жандандыруға қатысты жүргізілген жұмыстары жөнінде баяндады.


Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік органдардың әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлдерін жалпы оң бағалады. Сонымен қатар ол 2008 жылға арналған бірінші кезектегі міндеттер - инфляцияны төмендету, банк жүйесіндегі жағдайлардың дамуын мониторингілеуді күшйту, банктік қадағалауды күшейту, сондай-ақ отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттерді, яғни құнды қағаз шығарушылар мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажеттілігіне аса көңіл бөлді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар