Жаңалықтар

16 қазан 2009
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштері бірлесіп өткізген «Өзара іс-қимыл-2009» кешенді оқу-жаттығу ойындарында болды.
big-16

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ-ның Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің бірлескен стратегиялық «Өзара іс-қимыл-2009» командалық-штабтық жаттығуларының шешуші кезеңіне қатысты. 

Жаттығуды Елбасымен бірге Ресей президенті Дмитрий Медведев, Армения президенті Серис Саргсян, Қырғызстан мемлекетінің басшысы Құрманбек Бәкиев және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тамашалады. 

Аталған іс-шара Мәтібұлақ полигонында өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери және арнаулы жасақтарының жалпы саны 7 мыңдай әскери қызметшілері қатысты. 

Жаттығу барысында олар әскери іс-қимыл жүргізудің сан түрлі тактикалық эпизодтарын жасады. Командалық-штабтық жаттығулардың ең қызу кезеңінде ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына таулы жердегі бандалық құрылымдар тобын, химиялық комбинаттағы диверсиялық барлау отрядын жою бойынша жедел қолбасшылық жүргізген өзара бірлескен арнаулы операциялар көрсетілді. 

– Біз жаттығулар барысын мұқият бақылап отырдық. ҰҚШҰ мемлекеттерінің Қарулы Күштері ауқымды жұмыс жасады. Қорғаныс министрлері, қолбасшылар, жаттығу жетекшілері барлығын мінсіз өткізді. Біздер, Президенттер бұл іс-шараға қатысушылардың баршасына сый-сияпат жасау жөнінде бұйрық береміз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар