Жаңалықтар

24 қазан 2006
Мемлекет басшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен ассамблеяның XII сессиясының жұмысына қатысты.

229.jpg

230.jpg

231.jpg

232.jpg

233.jpg

- Бүгінгі күні біздің еліміз үшін Қазақстан экономикасының өсуі көшбасшы, озық дамудың жүйелі кезеңі туралы айтуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктер мен өрелі міндеттер қойған уақыт туып отыр. Таяудағы он жылдың ішінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіруге тиіс. Бүгінгі күні біз ұлттық идея туралы көп айтамыз. Меніңше, басты ұлттық идея ұлттың бәсекелестікке қабілеттілігінде жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде.

 
Елбасы қазіргі кездегі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен уақыт ығытына қарсы экономика мен әлеуметтік саланы жан-жақты жаңартуды, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымын жаңғыртуды жүзеге асырудың қажеттілігін атап көрсетті.

 
Нұрсұлтан Назарбаев «діни және этникалық негізде туатын жанжалдарға толы қазіргі әлемдегі прогрестің аса маңызды шарты ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау мен нығайту болып табылады» деп атап көрсетті.

 
Көпұлтты және көп дінді Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтаудың басты себептерінің қатарында Президент елдің экономикалық жетістіктерін, салмақты мемлекеттік саясатын, ұлттық элитанының жауапкершілікті сезінуін атап айтты.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл мен мемлекеттік тіл саясатын дамыту мәселесіне айрықша назар аударды. Елбасы Үкіметке бір айдың ішінде мемлекеттік тілді игерген ұлты қазақ емес мемлекеттік қызметкерлерді қомақты материалдық көтермелеу жөнінде ұсыныс әзірлеуге тапсырма берді.


- Жүргізіліп отырған ұлттық саясат пен мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігінің тиімділігі арасында тікелей байланыс бар. Егер саясат ұлттық бірлікке, қоғамның бірігуіне бастайтын болса, онда бұл пайдаланылмаған резервтерді іске қосып, елдің әлеуеттік мүмкіндіктерін ондаған есеге  арттырады, «тарихи максимум» деңгейінде міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Егер біз беделді әрі бәсекеге қабілетті ел болғымыз келсе, онда біртұтас әрі топтасқан ұлтқа айналуға тиіспіз. Жалпы құндылықтармен байыған, үйлесімді тілдік ортасы бар ұлтқа, өткенге емес болашаққа, алға қарай ұмтылатын ұлтқа айналуға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Елбасы сессияға қатысушылар мен күллі қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, олардың баршасына өсіп-өркендеу мен жақсы тұрмыс тіледі.

 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің мәтінін қараңыз.

 
Мемлекет басшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясына арналған қолданбалы-көркем өнер көрмесімен танысты.

Қазіргі кезде Қазақстанда 500-ге жуық ұлттық мәдени бірлестіктер, 19 республикалық және өңірлік ұлттық газеттер, радио және телебағдарламалар, 6 ұлттық театр жұмыс істейді. Соңғы жылдарда еліміздің өңірлерінде 11 достық үйі салынды. Алматыда жаңа Достық үйінің құрылысы басталды. Ұлттық білім беру саласында Қазақстанда 100-ден астам этникалық мектептер, 170 жексенбілік тіл орталықтары белсенді жұмыс істейді. Ұлттық өркендеу мектептерінде 11 тілді оқытатын 29 бөлімше жұмыс істеуде. Қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар елімізде 11 тілде, оның ішінде украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік және дүнген тілдерінде газет-журналдар шығып, эфирден хабарлар беріледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар