Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қазан 2005
Мемлекет басшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды.Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясы 2005 жылғы 22-қарашада Астана қаласында «Бейбітшіліктің, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықтың 10 жылы» деген күн тәртібімен шақырылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ӨКІМІ

 

Қазақстан халықтары Ассамблеясының

он бірінші сессиясын шақыру туралы

 

 

1. Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясы 2005 жылғы 22-қараша күні Астана қаласында «Бейбітшіліктің, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықтың 10 жылы» деген күн тәртібімен шақырылсын.

   
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халықтары Ассамблеясының он бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы 21-қазан

 

№ 573


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар