Жаңалықтар

27 шілде 2006
Мемелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Зеленстрой» АҚ-ның көшетбағында болды.

- Астана айналасындағы аумақты көгалдандыру мәселесі өте маңызды және мен онымен ұдайы айналысып келемін. Бүгінгі таңда, осы екпе ағаштар орманын есептегенде қала маңында 40 мың гектар орман бар. Жыл сайын біз бұл аумақты 5 мың гектарға ұлғайтып келеміз. Таяуда біздің мамандарымыз қала айналасындағы аумақты көгалдандыру тәжірибесін жинақтау үшін Канадаға барып қайтты. Біздің мақсатымыз Астананың айналасынан климатты өзгертіп, елордамызды жасыл желекке бөлейтін ауқымды орман тұрғызу болып табылады.  Сонымен қатар, қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылуда, ал болашақта біз «Қазақстан ормандары» бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Осыған орай, біз жерді тыңайтамыз және келешек ұрпақ пен біздің балаларымыздың денсаулығы үшін үлкен іс атқарамыз, - деді Президент журналистерге арналған брифингте.

 

1965 жылы құрылған «Зеленстрой»АҚ-ы көшетбағының жалпы алаңы 349,60 гектар.

 

«Астана Зеленстрой» АҚ көшетбағының бас директоры Ерлан Нысанбаев, «Мемелекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын Астанада жаңа саябақтар мен гүлзарлар салынатынын» атап өтті.

 

- 2004 жылдан бүгінге дейін 25 гүлзар салынып, пайдалануға берілді, жыл соңына дейін біз тағы да төрт гүлзарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Астана үшін өте маңызды, -  қала  өсіп, өркен жайып келеді. Көгалдандыру біздің елордамыздың ажарын ашып, абаттандыра түседі, - деді ол.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар