Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 қаңтар 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  Король Абдалла II-ні 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысуға шақырды. Шақыруды Иордания көшбасшысы ризашылықпен қабыл алды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар