Жаңалықтар

5 қараша 2008
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы АҚШ Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы өз жолдауында Барак Обаманы Қазақстан Республикасы халқы мен жеке өзінің атынан 2008 жылғы 4 қарашадағы сайлауларда айқын басымдықпен жеңіп, Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтады.


Ядролық қарусыздану мен таратпау ісіндегі ауқымды ынтымақтастықпен басталған мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар қазіргі таңда Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен демократияның нығаюы үшін аса маңызды стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтерілді. Біздің байланыстарымыз Иракты тұрақтандыру мен Ауғанстанды қалпына келтіру бағыттарындағы бірлескен күш-жігерімізбен нығая түсті.


Қазақстанның 2010 жылы басқаратын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында Құрама Штаттарының елімізге көрсеткен қолдауына біз үлкен ризашылық білдіреміз. Бұл біздің «Демократиялық әріптестік туралы хартияда» көрсетілген принциптерге беріктігімізді көрсетеді.


Жеке кәсіпкерлік, инвестициялар және үлкейіп келе жатқан жаһандық нарықтың сұранысын қанағаттандыру үшін энергетикалық ресурстардың қамтамасыз етілуіне колдау көрсетудегі әріптестік қарым-қатынастарымыздың аса маңызды факторы болып табылады. Гуманитарлық салада бізді діни төзімділік пен ұлысаралық келісімнің жалпы дәстүрлері біріктіреді.


Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достастық пен өзара сенім негізіндегі әріптестік қарым-қатынастар елдеріміз халықтарының игілігі үшін әрі қарай дамып, нығая беретініне сенім білдіремін.


Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс және Америка Құрама Штаттарының халқына бейбіт емір, игілік және өркендену тілеймін, - делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар