Жаңалықтар

4 мамыр 2012
Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы" бұйрығы.

Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тәуел­сіз Қазақ­стан­ның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады.

Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің қор­ғаныс қабілетін ны­ғай­туға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күш­тері жау­ынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды дең­гейі­мен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әс­ке­ри оқу орындары жүйе­сімен және қажетті мате­риал­дық-техни­калық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.

Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даяр­лық, үйлесімділік пен жауын­гер­лік дағды үлгісін көрсетуде.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәс­түр­леріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр.

Қарулы Күштердің 20 жылдық мерей­тойы қар­са­ңында құрметті ардагерлерді, әс­ке­ри қызмет­ші­лер­ді, сондай-ақ, барша қазақ­стандықтар­ды мемле­ке­тіміздің та­ри­хын­­­дағы осы айтулы күнмен құт­тық­таймын.

Қазақстанның барлық халқына ашық аспан, өсіп-өркендеу мен бақ-береке, Отаны­мыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері құ­рылуының 20 жылдығы құрметіне БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қа­зақ­стан Республи­ка­сының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін «Қазақстан Респуб­ликасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына то­лық­тыру енгізу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Заңының жобасын Парламентке енгізсін.

2. Қазақстан Республикасының Қорға­ныс министрі:

1) еліміздің қорғаныс қабілетін нығай­туға қос­қан үлесі үшін Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің жеке құрамы­на алғыс жарияласын және көтермелесін;

2) бұйрықтың мәтінін Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамына салтанатты жағдайда жеткізсін;

3) 7 мамырда Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашу жасасын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті –

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.НАЗАРБАЕВ

2012 жылғы 3 мамыр №1   Астана қаласы


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар