Жаңалықтар

4 қазан 2007
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік терминологиялық комиссияның арнайы кеңесі болып өтті.

Кеңесте мемлекеттік тілдегі терминологияны дамыту мәселелері, халықаралық кәсіби және арнайы терминдерді аударудың жай-күйі талқыланды.


- Әзірленетін терминдер тек мемлекеттік тілді дамыту талаптарына жауап беріп қана қоймай, сондай-ақ біздің сыртқы әлеммен өзара түсіністігімізді қиындатпай, қайта жеңілдете түсуі тиіс және жаппай жаһандану ғасырында еліміздің халықаралық қоғамдастыққа ықпалдасуына жәрдемдесуі керек, - деп атап көрсетті кеңесте Мемлекеттік хатшы.


Кеңесті қорытындылай келе, Қ.Саудабаев комиссияның алдына нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, комиссия қабылдаған терминдер тиісті деңгейде заңдастырылуы және міндетті түрде қолданысқа енгізілуі тиіс. Терминдердің орталықтандырылған базасын құру және комиссияның салалық секцияларының жұмысына қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген сарапшыларды тарту қажеттігі атап көрсетілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар