Жаңалықтар

17 қазан 2007
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Президент Әкімшілігінің және еліміздің құқық қорғау органдарының жетекшілерімен заңның үстемдігін одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

- Тәуелсіздік жылдарында, таяудағы шын мәніндегі тарихи конституциялық реформаларды қоса алғанда, жүргізілген түбегейлі реформалардың арқасында бүгінде біздер жаңарған Қазақстанда – еркін ойлы адамдары бар еркін елде өмір сүрудеміз. Осы жоғары мәртебеге қазірдің өзінде қамтамасыз етілген тек заңнамалық база ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысы да сәйкес болуы тиіс. Адамдар өздерінің күнделікті өмірінде аса жиі кездесетін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, яғни билік өкілдерін өздерінің құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысы ретінде қарастыруы біздің елімізде қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде біздің баршамыздың алдына қойып отырған қатаң да әділ нұсқауы осындай, - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы кездесу барысында.


Кеңес барысында алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында құқық қорғау органдары қабылдауы тиіс шаралар, оларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар