Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қаңтар 2006
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, саяси және қоғам қайраткерлерінен сайлаудағы жеңісіне арналған құттықтаулар легі жалғасуда.

Қазақстан басшысына өзінің өзек жарды құттықтауын Кувейт Әмірі Джабер аль-Ахмад ас-Сабах білдірді.

- Аса Мәртебелім, мен Сізді президент сайлауындағы жарқын жеңісіңізбен құттықтағым келеді. Кувейт халқының және өз атымнан Сізге зор денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тілеймін. Біздің елдеріміз арасындағы достыққа құрылған өзара қарым-қатынастар алдағы уақытта да біздің халықтарымыздың мүдделеріне қызмет етіп, одан әрі мүмкіндік туғыза беретініне сенімдімін, - деп атап көрсетіледі жеделхатта.

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Финляндия Республикасының Президенті Тарьи Халоненнен құттықтау келіп түсті.

- Сізді Қазақстан Республикасы Президенттігіне қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтап, Сізге аса жоғары әрі жауапты қызметіңізде одан әрі де табыстар тілегім келеді, - делінген жеделхатта.

 
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Македония Республикасының Президенті Бранко Црвенковскиден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

- Сіздің президент сайлауындағы жеңісіңізге орай Македония халқының атынан жүрек жарды құттықтауымды білдіріп, аса биік парызыңыздың табысты орындала беруіне деген тілектестігімді білдіру мен үшін үлкен құрмет. Біздің елдеріміз арасындағы барлық салалар бойынша өзара мүдделердің, достық қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне үміт білдіруге рұқсат етіңіз, - делінген жеделхатта.

 
Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісіне орай өзінің шынайы тілектестігін Таиланд Королдігінің Премьер-министрі Таксин Шиноватра білдірді.

- Сіздің президенттік сайлаудағы жеңісіңізге орай өзімнің ыстық ықыласты құттықтауларым мен шынайы тілектерімді жолдауды құрмет санаймын. Дауыс берудің қорытындылары Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауын айғақтайды. Біздің елдеріміздің екіжақты ынтымақтастық аясында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім жөніндегі кеңес шеңберінде де одан әрі тығыз өзара қарам-қатынастардың ұласа беретініне үміт білдіремін, - деп атап көрсетіледі жолдаухатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар