Жаңалықтар

28 желтоқсан 2005
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына сайлаудағы жеңісіне арнаған құттықтаулар легі жалғасуда.

Мемлекет басшысының атына Бангладеш Республикасының ПрезидентіИ.Ахмедтен құттықтау келіп түсті.  
- Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті жоғары лауазымында болған кезең ішінде біздің елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастар жаңа биіктерге көтерілді. Сіздің басшылығыңызбен екіжақты қарым-қатынастар ынтымақтастықтың барлық салаларында одан әрі де нығайып, топтаса беретініне сенім білдіремін, - делінген хатта.

 

Құттықтаулардың басым бөлігі Америка Құрама Штаттарының көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлерінен келіп түсті.  
- Қазақстан халқы Сізді жаңа президенттік мерзімге сайлай отырып, Сізге деген сенімдерін айғақтады. Халық көптеген халықаралық бақылаушылар бақылаған еркін әрі әділ сайлауды өткізу арқылы өзінің демократияға деген нық ұстанымын айқындады. Орталық Азия демократиялық мұраттарын нықтай алатын және өңірдің жарқын экономикалық келешегін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар елді қажет етеді. Өңірдегі экономикалық табыс Қазақстанның өз азаматтары мен көрші мемлекеттердің азаматтарына лайық болашақты қарастыратын көшбасшы рөлін атқаруға деген дайындығына байланысты, - делінген сенатор М.Ландрье өз құттықтауында.

 

- Құрама Штаттар мен Қазақстан стратегиялық әріптестікке негізделген берік қарым-қатынастар орнатқан. Біз Сіздің елдің лаңкестікке қарсы жаһандық күрес және Ауғанстан мен Иракта тұрақтылық орнықтыру жөніндегі біздің күш-жігерімізді қолдайтыныңызға ризашылығымызды білдіреміз. Біз жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы әріптестігіміздің одан әрі нығаятындығына үміт білдіреміз, - деп атап көрсеткен өз құттықтауларында Өкілдер Палатасының мүшелері Ч.Мелансон, П.Сешнс, Дж.Таннер, Ш.Беркли, Ф.Инглиш.

 

Қазақстан басшысының атына Армения ПрезидентіР.Кочеряннан сайлаудағы жеңісіне арналған құттықтау келіп түсті.  
- Сіздің қызметіңізге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуіне ықпал ететін жаңа табыстар тілеймін. Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар алдағы уақытта да ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша дәйекті түрде дами беретініне сенімдімін, - деп атап көрсетеді өз құттықтауында.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Румыния ПрезидентіТ.Басескуден құттықтау жолдаухаты келіп түсті.  
- Сізді Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге бақыт, құт-береке және зор денсаулық тілеймін. Сіздің жаңа президенттік мерзіміңіз қазақ халқының дамуы мен гүлденуіне, сондай-ақ Сіздің еліңіздің халықаралық деңгейде орнығуына  өз үлесін қосатынына үміт білдіремін, - деп атап өтіледі жолдау хатта.

 

Беларусь ғылыми ортасының өкілдері атынан Қазақстан басшысын сайлаудағы жеңісімен Беларусь инженерлік академиясының төрағасы, профессорВ.Ивашко құттықтады.  
- Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның экономиканы дамыту, қоғамға демократиялық өзгерістер енгізу, тыныштық, келісім мен тұрақтылыққа қол жеткізу Қазақстан азаматтары үшін бізге қуаныш сезімін туғызады. Сайлаушылардың сайлаудағы жоғары белсенділігі және Сіздің кандидатураңызды саяси көшбасшы, танымал мемлекеттік қайраткер және ірі ғалым ретінде бірауыздан қолдауы бізге игі әсер қалдырады, - делінген құттықтауда.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Омбы облысының Аға буын өкілдері кеңесінен құттықтау келіп түсті. - Біздің елдеріміз арасындағы бауырластық қарым-қатынастар бұдан да сапалы деңгейге шығатынына үміт білдіреміз. Мәдени құндылықтардың біртұтастығы және ұзақ уақыттан бергі тоғысқан өмір жолы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достықтың мызғымастығына сенім ұялатады, - деп атап өтеді Кеңес төрағасыГ.Ахметов.

 

Мемлекет басшысының атына Жазушылар одақтары қауымдастығының атқару комитетінен құттықтау жеделхат келіп түсті. Хатқа Сергей Михалков, Феликс Кузнецов, Владимир Бояринов, Давид Кугультинов, Владимир Карпов, Михаил Алексеев, Валерий Ганичев, Борис Олейник, Анатолий Ким, Александр Эбаноидзе, Алесь Пашкевич, Юрий Поляков, Валентин Распутин сияқты қазіргі заманғы әдебиеттің көрнекті қайраткерлері қол қойған.

- Бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасы Президентін шын жүректен құттықтаймыз. Бұл таңдау халықтың Сізге деген сүйіспеншілігі, сенімі мен құрметін тағы бір рет паш етті. Сіз алдағы уақытта да патриотизм мен интернационализмнің байрағын биік ұстап, ізгілік пен халықтар достығының асқақ мұраттарына қызмет ете береді деп үміт білдіреміз, - делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар