Жаңалықтар

13 қыркүйек 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов және Ресей Президенті Дмитрий Медведев Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) өткен «Жібек жолы–2009» халықаралық ралли-жорықтың қорытынды кезеңінің басталу рәсіміне қатысты.
big-01

Авторалли үш елдің президенттерінің қолдауымен ұйымдастырылып, Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) 5 қыркүйекте басталды. Оған әлемнің 25 елінің өкілдері – 180 спортшы 20 жүк, 51 жеңіл автомобилімен қатысты. Бағдардың қашықтығы 4,3 мыңнан астам шақырымды құрайды. 

Жарыстың басталу рәсімінде сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің барлық автомобиль әуесқойларының үлкен назарын аударған және әлемдік деңгейдегі спорт жарысы болып отырған ралли-жорықтың ұйымдастырылуына жоғары баға берді. 

Мемлекет басшысы осындай іс-шараның нәтижесінде Каспий теңізі нағыз достықтың теңізі болып отырғанын атап өтті. Бұдан басқа, жарыс спортшыларға біздің елдеріміздің халықтарымен және мәдениетімен танысуларына мүмкіндіктер туғызды. Авторалли сондай-ақ әлем халықтарын рухани жақындататын ізгілік, бейбітшілік жолы – Ұлы Жібек жолы бағдары бойынша жүріп өтуімен танымал.

Нұрсұлтан Назарбаев автобәсекеге түсушілерге лайықты жетістіктер, ал салтанатты рәсімге қатысушылардың бәріне мықты денсаулық тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар