Жаңалықтар

6 қазан 2007
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан президенттерінің саммиті Шарттың 15 жылдығымен тұста-тұс келді.


Өткен жыл ішінде елеулі жұмыстар атқарылды. ҰҚШҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы құрылды. Биылғы жылы ҰҚШҰ-ға мүше елдер бейбіт мақсаттарға арналған құжаттарды, төтенше жағдайлар жөніндегі және заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру туралы құжаттарды қамтитын бірқатар маңызды келісімдер бойынша ортақ мәмілеге келді. Басқа да халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда БҰҰ, ШЫҰ және ЕҚЫҰ-мен өзара ықпалдастық ұйымдастырылуда.


Жыл сайын «Рубеж» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары, «Канал» және «Нелегал» жедел алдын алу шаралары өткізіліп тұрады. ҰҚШҰ-ның Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы өз жұмысын бастады. Бірлескен әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері де шешілуде.


Ұйым жауапты аймақтағы тікелей шекаралас бірқатар аудандардағы қақтығыстар әлеуетінің үдеуі жағдайында бұл жұмыстың маңызы артып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар