Жаңалықтар

18 қыркүйек 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екі елдің өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастығының перспективалары талқыланды.

Әңгіме барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің жаһандық қауіпсіздікті нығайту саласындағы сындарлы үнқатысуды жалғастыруға мүмкіндік беретін соңғы мәлімдемелерін құптады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар