Жаңалықтар

3 қазан 2006
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин екі мемлекеттің шекаралық облыстары тауар өндірушілерінің өңіраралық көрмесінде болды.
29.jpg

Көрме аясында Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының және Қазақстан мен Ресейдің табысты дамып келе жатқан өзара бірлескен іс-қимылына қосымша серпін беру көзделген «Тасқала-Озинки» көліктік-логистикалық орталығының тұсаукесері болып өтті.


Биылғы жыл Қазақстандағы – Пушкин жылы, ал, Ресейдегі – Абай жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы жылдың басында Мәскеу орталығында екі мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашты.


Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Пушкин – Оралда» көрмесінің ашылуына қатысты, онда ұлы орыс ақынының Орал өңірінде болуы туралы мұрағат материалдарымен танысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар