Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тікұшағының құлауы кезінде мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі әскери міндетті орындау кезінде қайғылы қазаға ұшыраған шекарашылардың отбасыларына қатты қайғырып, көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметке қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ апат кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек және қажетті қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді. 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне апаттың себебіне мұқият тексеру жүргізу, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдау және келешекте мұндай оқиғаларға жол бермеу туралы нұсқау берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар