Жаңалықтар

3 қазан 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитіне қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев және Түркия Президенті Абдолла Гүл этникалық, тарихи және мәдени түбірлері ортақ серіктес елдердің даму перспективасын талқылау үшін кездесті. 

Өз сөзінде Президент қазіргі уақытта Анталияда өткен (Түркия Республикасы) VIII саммитте Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Парламенттері қабылдаған жалпытүркілік құрылымды құру жөніндегі шешім орындалып жатқанын және түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы құрылғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесін (Түркі Кеңесі) – жаңа өңіраралық ұйымды қалыптастыру бастамасын дамытуды ұсынды.

Қазақстан Президенті сондай-ақ экономиканы, экологиялық қауіпсіздікті, мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуда ынтымақтастықтың анағұрлым перспективалық бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ түркі елдерінің Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды орнықтыру және қауіп-қатерлер мен шақыруларға бірлесіп қарсы тұру процестеріне қатысуы маңызды болып табылады. 

Форум барысында түркі әлемі елдері арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар