Жаңалықтар

8 ақпан 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлиндегі «Бельвю» сарайында ГФР-ның Федеральдық Президенті Кристиан Вульффпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының әртүрлі мәселесі талқыланды.

Қазақстан Президенті бүгінде Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесінің бірі, ал Қазақстан – ГФР-ның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Екі елдің диалогы ашық және сенімді сипатқа ие, барлық деңгейдегі екіжақты белсенді байланыстар қолдау тапқан. Қазақстан үшін Германияның жаңартылған энергия көздерін дамыту, энергиямен жабдықтайтын технологияны ендіру, денсаулық сақтау мәселесіндегі өзара іс-қимыл бойынша тәжірибесі үлкен қызығушылық туғызады.

Өз кезегінде Германияның Федеральдық Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өткен парламенттік сайлаудағы «Нұр Отан» партиясының сенімді жеңісімен құттықтады.

Негізгі өңірлік және жаһандық проблемаға, халықаралық қауіпсіздікті қолдау мәселесіне қатысты пікір алмасылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар