National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельден құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.

«Қазақстан Германия үшін маңызды серіктес болып қала береді. Сіз елдеріміз арасындағы сенімге құрылған серіктестік қарым-қатынастар аясын бұдан әрі кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда демократия, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын нығайту ісінде әрдайым Федералдық үкіметтің қолдауына сенім артуыңызға болады», – делінген жеделхатта.

Соңында А.Меркель Қазақстан Президентінің қойылған міндеттерді одан әрі жүзеге асыру бағытындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің