National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Халықаралық велосипедшілер одағының (ХВО) президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Пэт Маккуэйдтен хат келді

2012 жылғы 24 желтоқсан

 

П.Маккуэйд Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығын жеңіл алудағы табысымен құттықтаған.

Өзінің құттықтау хатында ХВО басшысы бүгінде Қазақстан халықаралық саяси аренада үлкен беделге ие екенін, экономикасы тұрақтылығын және зор спорттық жетістіктерге жеткенін атап өткен.

Хат иесі Нұрсұлтан Назарбаевқа республикада велосипед спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіре келе, Мемлекет басшысының спорттың бұл түріне көңіл бөлуін және қолдау көрсетуін қазақстандық және әлемдік спорт қоғамдастығы жоғары бағалайтынын атап көрсеткен.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің