Жаңалықтар

29 желтоқсан 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэге Жапония Либералды-демократиялық партиясының парламенттік сайлаудағы сенімді жеңісіне және оның ел үкіметінің басшысы болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта бұл жапон халқының С.Абэге және оның басқаруындағы партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып табылатыны атап өтілген.

«Достық пен өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң баға бере отырып, Сіз басқарған Үкімет тұсында да елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіремін» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ іс-қимылды талқылау үшін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар