National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

2017 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдардан, шетелдік және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдарының жетекшілерінен, зиялы қауым өкілдерінен, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан көптеген хаттар келіп түсті.

Мемлекет басшының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Серж Саргсян, Украина Президенті Петр Порошенко, Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили, Молдова Президенті Игорь Додон, Иран Президенті Хасан Рухани, Үндістан Президенті Рам Натх Ковинд, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Индонезия Президенті Джоко Видодо, Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, Австрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Польша Президенті Анджей Дуда, Швейцария Президенті Дорис Лёйтхард, Венгрия Президенті Янош Адер, Сербия Президенті Александр Вучич, Словакия Президенті Андрей Киска, Хорватия Президенті Колинда Грабар-Китарович, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, Грекия Президенті Прокопис Павлопулос, Болгария Президенті Румен Радев, Сингапур Президенті Халима Якоб, Мексика Президенті Энрике Пенья Ньето, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро Рус, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Жапония Императоры Акихито, Швеция Королі Карл XVI Густав, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бруней сұлтаны Хаджи Хассанал Болкиах, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян; Сауд Арабиясы Корольдігі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі, мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Австралияның генерал-губернаторы Питер Косгроув және Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетт құттықтау хаттарын жолдады.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқаны атап өтіліп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін бекітудегі рөлі айрықша көрсетілген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы, сондай-ақ ынтымақтастықты мемлекетаралық деңгейде жолға қойып, дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаған үлесіне халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Солардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимовтың, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасановтың, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтің, Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы В.Щербаковтың, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедевтің, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның, Парламентаралық ассамблеялар кеңесінің Бас хатшысы лауазымын уақытша атқарушы С.Антуфьевтің құттықтау хаттары бар.

Құттықтау хаттары мен жеделхаттары шетелдік және отандық өндірістік ұжымдардан да келіп түсті. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС басшылары Т.Этчинсон мен М.Мұқашевтан, «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дискальциден, «Шеврон» корпорациясының еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Т.Миллерден, Еуразиялық топ басшылары А.Машкевичтен, П.Шодиевтен және А.Ибрагимовтан, «Астана ӘӘК» басқарма төрағасы Т.Зейнулиннен, «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы П.Логиновтан, «Польфарма» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы Е.Старактан, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Н.Поповичтан, «Қазақстанның халқы банкі» АҚ басшылары Ү.Шаяхметова мен А.Павловтан, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетовтен, «Мабетекс» компаниясының басшысы Б.Паколлиден, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Ә.Мамытовадан, «ALTYN COMPANY» ЖШС директоры Д.Әбдірашқызынан және «Астана-Бизнес» ЖШС директоры Ф.Абитаевадан құттықтаулар келді.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Т.Этчинсон өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен демократия қағидаттарымен өмір сүретін құқықтық мемлекеттің берік іргетасы жасалғанын атап өткен. «Біз компаниямыздың бастауында әрдайым Сіз – Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұрғанын мақтан тұтамыз. Сіздің ерік-жігеріңіз бен саясатыңыздың арқасында Қазақстанға көптеген шетелдік инвесторлар тартылды», – делінген хатта.

«Kazzinс Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович өз хатында компания ұжымының атынан Қазақстанның сенімді және мақсатты дамуын, тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси және экономикалық құрылыстың барлық саласындағы елеулі нәтижелерін атап өткен.

Сондай-ақ, өз құттықтауларын Рим Папасы Франциск, Ресей Федерациясы Мұсылмандары рухани басқармасының және Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі Мүфти шейх Равиль Гайнутдинов, Жоғарғы патриарх және бүкіл армяндардың католикосы ІІ Гарегин жолдады.

Мерекелік хаттардың біразы Ресей Федерациясынан келіп түсті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Астрахан облысының губернаторы А.Жилкин, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры С.Нарышкин, Ресей Сбербанкі басқармасының төрағасы Г.Греф, «РуссНефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Мир» МТРК төрағасы Р.Батыршин және Мәскеу қаласында тұратын қазақстандық бір топ ардагер құттықтады.

Өздерінің құттықтау хаттарын еліміздің ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері де жолдады. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, академиктер Ә.Бейсенова мен С.Қирабаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры С.Есмұратов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ директоры С.Өмірзақов, М.Айтқожин атындағы Молекулярлы биология институтының директоры Н.Айтқожина, профессорлар А.Ағыбаев, Б.Садық, И.Кендюха, жазушылар С.Сматаев, С.Досанов, ақындар Ш.Сариев, Қ.Әбіл, Д.Кәпұлы; республиканың еңбек сіңірген әртісі В.Сухов, Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов және «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» ҚҚ ұжымы бар.

Астана қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының ұжымы өздерінің хаттарында тәуелсіздік жылдарында ұлттық педагогика шеберлігін шыңдап, дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтеді. Мұғалімдер қоғамдық сананы жаңғырту міндетін орындау тұрғысынан Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайту ісіне үлес қосуға ықыластарын білдірген.

Сондай-ақ, құттықтауларын Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Орал және Ақтөбе Архиепископы Антоний жолдады.

Құттықтаулар қоғам қайраткерлері: О.Әбдікәрімовтен, Т.Мансұровтан, Қарулы күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы, Халық Қаһарманы М.Алтынбаевтан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Ә.Бектаевтан, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Д.Қыдырәліден, еңбек ардагері Т.Королевадан, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы қауымдастығының төрағасы Б.Смағұлдан, журналист З.Жандосовадан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Ерғалиевтен, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Ташқараевтан, Олимпиада чемпионы А.Винокуровтан келіп түсті.

Мемлекет басшысына ізгі тілектерін білдірген хаттар мен жеделхаттарды Астана қаласынан Ә.Жолшыбеков, Т.Сегізбаева, К.Жиренчин, К.Мейірбек, Айтхожиндер отбасы; Алматы қаласынан В.Костолевский, С.Жұмабаев, Т.Бурумбаев, Г.Жетаева, Н.Исаев, С.Елубаев, И.Абуздин; Ақмола облысынан Р.Гатаулин; Ақтөбе облысынан П.Едігеев пен К.Қозыбақов; Алматы облысынан Е.Тегісбаев; Атырау облысынан Б.Кәрімов; Шығыс Қазақстан облысынан Е.Оразалин мен П.Серіков; Жамбыл облысынан Б.Қасенова; Батыс Қазақстан облысынан З.Минулин, С.Власова, Т.Құбашев пен М.Әлбекова; Қарағанды облысынан Д.Исағұлов пен С.Белгібаев; Қостанай облысынан Ә.Сейтімбетова мен Т.Шарафетдинова; Қызылорда облысынан Итемгеновтер отбасы; Маңғыстау облысынан бір топ ардагер; Павлодар облысынан М.Өтеубаев, С.Тасқараев және Е.Сейітжанов; Солтүстік Қазақстан облысынан В.Алексеева; Оңтүстік Қазақстан облысынан С.Мұратов, Б.Серіков, В.Андрюков, Д.Нәлібаева, Х.Доспанбетова жолдады.

Алматыдан Люлиндер отбасы өздерінің құттықтауында Қазақстан Президентінің халықаралық байланыстарды нығайту мен кеңейтудегі, көптеген инвестициялық жобалар мен маңызды саяси шешімдерді жүзеге асырудағы еңбегін атап көрсетеді. «Алда әлі көптеген іс күтіп тұр. Бірақ біз Сіздің барлық ойға алған жұмыстарыңыздың жүзеге асатынына сенеміз», – делінген құттықтау хатта.

Алматы облысының тұрғыны М.Молдашева өзінің құттықтауында Президент Н.Ә.Назарбаевтың елдегі қоғамдық және ұлтаралық келісімді қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалай келіп: «Түрлі халықтардың тарихын тұлғалар жасайды. Тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы болу дәл Сізге бұйырыпты», – деп атап көрсеткен.

Қостанай облысынан Е.Серікбаев өз құттықтауын ерекше өлең жолдарымен жолдапты.

Балалардың хаттары да айрықша бір жылылыққа толы. Өздерінің Мемлекет басшысына деген тілектерін Қызылорда облысындағы «Күнекей» балалар бақшасының тәрбиеленушісі Ж.Серікқызы, Алматы облысынан Д.Шафхатов, Ақмола облысынан А.Маратова, Қарағанды облысынан Э.Вайс жолдаған.

Көптеген құттықтаулар министрліктер мен ведомстволар басшыларынан, облыс әкімдерінен, Қазақстан Парламентінің депутаттарынан, елшілерден, ұлттық компаниялар басшыларынан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарынан келіп түсті.  

Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хаттармен және жеделхаттармен мұқият танысып шығып, авторлардың барлығына жылы құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің