Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 сәуір 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар