National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты

2021 жылғы 15 қаңтар

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің