National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапарының қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді

2016 жылғы 09 қараша

Мемлекет басшысы сапар аясында өткен келіссөздер нәтижелі болғанын атап өтті.

– Біз сапар қорытындысында алдымызға қойған барлық міндетті орындадық деп санаймын. Қарым-қатынасымызға стратегиялық сипаттағы терең әрі өзара сенімге негізделген байланыс ретінде баға берген бірлескен мәлімдеме қабылданды. Үкіметаралық комиссия байланыстарымыздың басымдығы бар бағыттарын тағы да пысықтады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті біздің республикаға жапон компанияларының келуі маңызды екенін айтып, шағын және орта бизнес саласындағы уағдаластықтарға, сондай-ақ Жапония кәсіпкерлерінің еліміздің ауыл шаруашылығына деген қызығушылық танытып отырғанына тоқталып өтті.

– Жапон компаниялары бізге келеді деп үміттенемін. Жапон бизнесінің «капитандарымен» кездескенде олар елімізге деген қызығушылық бар екенін айтқан еді. Біздің делегация мүшелері республикамыздағы бизнестің ахуалымен таныстырды. Қазіргі уақытта қаржы табу оңай емес, дағдарыс болғандықтан барлығы да үнемдеуге тырысады. Осындай жағдайда біздің елге көрсетілген құрмет жақсылықтың нышаны деп білемін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел қарым-қатынасында антиядролық мәселе туралы тақырып ерекше орын  алатынына назар аударды.

– Біздің Хиросимоға соққанымыз дұрыс болды. Қазақстан мен Жапонияның күш-жігерін жұмылдырып, ортақ бастамалар көтерудің маңызы зор. Оның үстіне «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде мен осы ғасырда жаппай қырып-жоятын қарудан мүлдем арылу міндетін қойған едім, – деді Қазақстан Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің