National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

2014 жылғы 05 маусым

 

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай дамытудың перспективалары және Г.Бердімұхамедовтың Қазақстанға 2013 жылғы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, мұнай және газ, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін, сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қарады.

Президенттер екі елдің сауда-экономикалық әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын, соған байланысты өзара тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

 Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов таяуда құрылысы аяқталатын «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол магистралі үш елдің жүк тасымалын оңтүстік және солтүстік бағыттарда ұлғайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.


 


 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің