Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 қараша 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Республикасына жұмыс сапарымен келді

 

Сапар аясында Қазақстан басшысының Франция Президенті Франсуа Олландпен келіссөздері жоспарланған. Онда екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.

Сонымен қатар, екі елдің басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырады, бірлескен құжаттарға қол қояды.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Республикасының саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесуі күтілуде.      

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар