Жаңалықтар

5 қыркүйек 2016
Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасының орынбасары Мұхаммед бен Салманмен кездесті
Қытай Халық Республикасы, Ханчжоу қаласы

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Салман өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар