National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі

2013 жылғы 24 қазан

 

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ қызметін қамтамасыз ету қажеттігіне тағы да назар аударды.

– Бұл үшін алда әлі де орасан зор жұмыстар атқарып, 2014 жылғы мамырға қарай Одақ туралы шартты әзірлеуді аяқтау міндеті тұр. Елдеріміздің парламенттері бұл құжатты ратификациялауы қажет. Сондай-ақ, біз елдеріміз арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға кедергі келтіретін түрлі шектеулерді жою жөнінде шаралар қабылдау туралы келістік. Еуразиялық экономикалық комиссия бұл бағыттағы өз жұмысын жалғастырады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы қазіргі кезде өзара тиімді сауда үшін барлық кедергіні жою туралы, атап айтқанда, түрлі тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету жайлы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті интеграциялық бірлестікке жаңа мүшелерді қабылдауда экономикасы Кеден одағы елдерінің даму деңгейімен сәйкес келуге тиістігі жөнінде жіті көзқарас болу қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында мынадай шешімдер бар:  

– «Интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен жұмыс барысы туралы»;

– «Еркін сауда аймағы туралы шартқа 2011 жылғы 18 қазандағы 6 ұсынысты қарастыратын шаралар туралы»;

– «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуы туралы»;

– «Бәсекелестік туралы» модельдік заң туралы;

– «Кеден одағының кедендік аумағы бойынша есірткі заттарының, психотроптық заттарының және олардың прекурсорлары қозғалысының тәртібі жөніндегі келісім туралы»;

– «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есеп туралы»;

– «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері мен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлері ұсынған табыстары туралы мәліметтердің анықтығы мен толықтығын, мүліктері мен мүліктік сипаттағы міндеттемелерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің табыстары, мүліктері мен мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді тексеру Ережелерін бекіту туралы».

Сондай-ақ, «Кеден одағының кедендік аумағы бойынша есірткі заттарының, психотроптық заттарының және олардың прекурсорлары қозғалысының тәртібі жөніндегі келісімге» қол қойылды және Армения Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысу туралы Өтініші қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің