Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 шілде 2016
Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

 

Әңгіме барысында Украина Президенті Мемлекет басшысын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Украинаның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысын биыл өткізуге уағдаласты.

П.Порошенко Қазақстан Президентін Украинаға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал туралы пікір алмасты. П.Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа дағдарысты шешу ісіндегі арағайындық қызметін жалғастыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді. 

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашылық етті. 


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Международное сообщество
Все события рубрики Международное сообщество