Жаңалықтар

5 қазан 2007
Душанбеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті.
big-01 05 окт.jpg

ТМД Төрағасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Тәжікстанда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бүгінгі мәжілісін айрықша оқиға деп атауға болады. Достастыққа мүше мемлекеттер басшылары талқылаған негізгі тақырыптар ТМД-ны одан әрі дамыту және келісілген көші-қон саясатын жүргізу қажеттігі туралы мәселелер болды.


Кеңейтілген отырысты ашқан Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының атынан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды 55 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Достастық аясындағы ықпалдастық үдерістеріне қосқан үлесі үшін ТМД-ның ең жоғары наградасы – Достастықтың құрмет белгісімен мараптаттады.


Саммит жұмысын одан әрі жалғастыра келе, Мемлекет басшысы Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан президенттерінің және Украина сыртқы істер министрінің қарауына Мемлекетаралық жұмыс тобы әзірлеген ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны жүзеге асырудың негізгі іс-шаралар жоспары ұсынылғанын мәлімдеді. Аталған құжаттардың ережелері ТМД жұмысын сапалы түрде қайта құруға бағытталған кешенді шараларды қарастырады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар