Жаңалықтар

11 қазан 2011
Бүгін «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Канзас штатының (АҚШ) губернаторы Сэм Браунбекпен кездесу өткізді.

Қазақстан-американ ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері жөнінде пікірлер алмасылды.

С. Браунбек Форумға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі тамаша жетістіктерін атап өтіп, елдің ядролық қаруды қысқарту және таратпау саласындағы ерекше үлесіне тоқталды.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ауыл шаруашылығы, машина жасау саласы және гуманитарлық салаларда тиімді дамып келе жатқаны атап өтілді.

Мемлекеттік хатшы Қ. Саудабаев пен губернатор С. Браунбек қазақстан-американ ынтымақтастығын нығайту жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Осы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Еуропалық Кеңестің Бас хатшысы Турбьорн Ягландты қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар