Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2009
Бүгін Президенттің «Ақорда» резиденциясында Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

2009 жылғы 20 тамыз және 16 қыркүйек аралығында өткізілген конкурстық іріктеудің бірінші және екінші турларының нәтижелері бойынша Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін 300 үміткердің жеке ісі енгізілді.

Олардың ішінде 143 үміткер конкурстық іріктеуге шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түсушілер ретінде қатысса, 157 үміткер жалпы конкурс бойынша қатысқан.

Үміткерлердің жалпы санынан: бакалавр бойынша – 134 адам; магистратура бойынша – 138 адам; докторантура бойынша – 5 адам; клиникалық ординатура бойынша – 1 адам, ғылыми тағылымдама бойынша – 5 адам оқу үшін оқыту бағдарламалары бөлігінде өтініш тапсырған.

Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбританияға (158) оқу үшін құжаттарын тапсырса, қалған үміткерлер АҚШ (38 адам), Швейцария (15 адам), Ресей (10 адам), Чехия (11 адам) және өзге елдерді таңдаған.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 254 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

- Бүгінгі отырыста біздің тарапымыздан бекітілген үміткерлер Елбасының өздеріне артқан сенімін толығымын ақтап, әлемнің танымал оқу орындарының дипломдарын иемденіп қайтқан соң, Қазақстанның одан әрі дамуына өзіндік салмақты үлестерін қосады деп сенемін, - деп атап өтті Қ. Саудабаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар