Жаңалықтар

10 маусым 2008
Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Француз Республикасына ресми сапары басталды.

big-01Kann.jpg

big-01Paris.jpg

Күннің екінші жартысында Президент Н.Ә.Назарбаев Франция астанасына келді. Париж қаласының Орли әуежайында қазақстандық жоғары мәртебелі қонақты қарсы алудың ресми рәсімі болып өтті.


Францияда Қазақстан Президентінің ресми сапарына ерекше мән беруде. Соңғы жылдары Қазақстан-Франция қарым-қатынастары жоғары деңгейде дамып келеді. Экономикалық салада олар инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейімен және қарқынды тауар айналымымен ерекшеленуде (Қазақстан экономикасына құйылған француз инвестициясының көлемі 4 млрд. АҚШ долларын құраған). Франция Қазақстанның сауда-саттықта бесінші орындағы әріптесі болып табылады ( 2007 жылғы сыртқы тауар айналымынң көлемі – 4,7 млрд. АҚШ долларына жеткен).


Сондай-ақ, екі ел арасындағы саяси диалог та серпінді дамуда. Біздің елдеріміздің қазіргі заманның негізгі мәселелері төңірегіндегі ұстанымы мен сарапшылық көзқарастары ұқсас. Франция Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге үміткерлігін белсенді түрде қолдады.


Екі тарап та Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы жолғы сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда және екіжақты қарым-қатынасымыздың оң бағытын нығайта түсуде мәні зор деп біледі. Сапар барысында Қазақстан-Француз өзара әрекеттестігінің барлық қырларын қамтитын және келешегін айқындайтын Стратегиялық әріптестік жөніндегі шартқа қол қойылмақ.


Сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес саласында, туризм, әскери-техникалық және іскери ынтымақтастық салаларындағы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда.


Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияның барлық жоғары басшылығымен – Франция Президенті Николя Саркозимен, Премьер-Министр Франсуа Фийонмен, Парламент Сенатының төрағасы Кристиан Понселемен және Ұлттық Мәжіліс төрағасы Бернар Аккуайемен кездесулері мен келіссөздері өткізіледі.


Бүгін Қазақстан басшысы кешке жақын Франция Парламенті басшыларымен, сондай-ақ Францияның экс-президенті Жак Ширакпен кездесті.


Осы кездесулер мен сапардың негізгі іс-шараларына қатысты толық ақпаратты біздің сайтымыздың ертеңгі жаңалықтар желісінен қараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар