Жаңалықтар

11 қаңтар 2012
Бүгін өзінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды.

01

02

03

Жүзден астам әдебиет және өнер қайраткерлерінің отандық мәдениетті дамытудағы үлкен еңбектері Президенттік стипендиялармен атап өтілді.

- Қазақстанның әдебиет және өнер қайраткерлері біздің мемлекеттігімізді нығайтуға және дамытуға баға жетпес үлестерін қосты. Біз өзіміздің қоғамымызда тұрақтылық пен келісімді сақтап қала алдық. Осы орайда, мен біздің зиялы қауымның, соның ішінде осы кездесуге қатысып отырған отандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің орасан еңбектері барын білемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік стипендияларға есімдері отандық өнердің болашағымен байланысты нағыз дарындар ие болды.

- Бұл стипендия сіздерге өз қабілеттеріңізді толық ашып көрсеткендеріңіз үшін тапсырылып отыр. Сіздердің міндеттеріңіз – отандық мәдениетті жаңа биік деңгейге көтеру, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде өнер қайраткерлері Президентке мәдениет проблемасына сергек қарағаны және шығармашылықпен шұғылданатын адамдарды жан-жақты қолдағаны үшін зор ризашылықтарын білдірді. Тек соңғы 10 жылда ғана осы саладағы мемлекеттік шығыс 11 есе өскен. Елімізде 18 жаңа театр, 220-дан астам мұражай және 870-тен аса жаңа кітапхана ашылған.

- Төл мәдени мұраны сақтау және дамыту біздің қоғамды үйлесімді дамытудың қажетті шарты болып саналады, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия 1995 жылдан бері отандық мәдениетті дамытудағы үлкен үлестері үшін беріліп келеді. Мемлекеттік стипендия жас таланттарды қолдау үшін 2000 жылы бекітілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар