Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қаңтар 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына келіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форум жұмысына қатысты.
big-01.jpg

Форумды ашқан Елбасы Қарағанды қаласындағы «Абай» шахтасында орын алған апат кезінде қаза болған шахтерлердің туған-туыстарына көңіл айтты. Республикалық кеңеске қатысушылар қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Мемлекет басшысы болашақта мұндай қайғылы оқиғалардың болмауы үшін нақты шешімдер қабылдау қажеттігін айрықша атап өтті.


Президент мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру орнықты дамудың негізгі қағидаларының бірі болып табылатынын атап өтті.


Мемлекет жалпыға ортақ қол жетімділік пен маңызды әлеуметтік игіліктердің қоғамға тиімді сапасын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан да реформалар барысында минималды мемлекеттік әлеуметтік стандарттар орнатылды. Оларды қамтамасыз етуге әлеуметтік салаған арналған шығындарды ұдайы арттырып, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресіп отырған мемлекет жауап береді.


- Осының арқасында адам әлеуетін дамытудың тиімді моделін құру және өмір сапасын үнемі жақсарту үшін негіз қалау мүмкін болды, - деп атап көрсетті Президент.


Қазіргі таңда Қазақстанда экономикалық реформалар жүзеге асты, нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуі үшін қажетті институттар құрылды. Қазақстандық бизнестің мемлекеттік органдардың заңнамалық қызметіне, концессиялық негіздегі ынтымақтастыққа, мемлекеттік-жеке әріптестік принциптерінде экономиканы әртараптандыруға тікелей белсенді түрде қатысуы үшін жағдай жасалған.


Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан мемлекет негізінен бұл қызметті оңтайлы атқарып отыр.


- Бүгінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын анықтау және оларды қабылдау қажеттілігі туындады. Сондықтан да біз осынау маңызды тақырыпты осындай кең және құзырлы құрамда алғаш рет талқылап отырмыз, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.


Қазіргі заманғы әлемде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қайырымдылық ретінде ғана емес, сондай-ақ компанияның іскерлік беделі мен табысын арттыратын тиімді қызмет ретінде қабылданады. Бұл бизнестің қоғам дамуына, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларға қосқан ерікті үлесі болып табылады.


Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан осы трендты игерумен, оның ішінде елімізде БҰҰ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы Жаһандық шарты принциптерін алға жылжытумен толық айналысуға тиіс даму сатысына жеткеніне сенім білдірді.


- Қазақстанда мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды серіктес болуы тиіс, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.


Осынау маңызды іске кәсіпкерлердің қатысуына басты уәж – олардың қызметтеріне жайлы, әлеуметтік-шиеленісті емес орта құру. Мемлекет саясаттан ең бастысы, «әлеуметтік жауапкершілікті», жаңа жұмыс орындарын ашуды, жұмыскерлерге әлеуметтік пакет ұсынуды күтеді.


Президент қазақстандық бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне бастағанын атап өтті. Бұған білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларындағы жобаларға қаржы бөліп, халықтың әлеуметтік қорғаусыз топтарына нақты қолдау көрсетіп отырған ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар үлгі көрсетіп отыр.


- Қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінетін компаниялардың имиджін тиісті биікке көтеру, белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, - деді Н.Назарбаев.


Президент бизнестің әлеуметтік жауапкершлігінің жыл сайынғы конкурсын өткізу және «Парыз» сыйлығының лауреаты арнайы атағын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл конкурстың жеңімпазының бренді тек бизнес әлемінде ғана емес, барша қазақстандықтардың арасында жақсы танымал болуы керек. Біздің қоғамда кәсіпкерлерге жалпыұлттық байлықтар жасаушы адамдар ретінде сенім артылуы тиіс.


- Табыспен бірге жауапкершілік – мен өзінің жеке жетістігінің айналасындағы адамдардың игіліктерімен тікелей өзара байланысты екенін сезінетін барлық қазақстандық бизнестің көшбасшыларына нақ осы формуланы негізге алуды ұсынамын, - деді Н.Назарбаев.


Президенттің сөйлеген сөзін мына жерден.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар