Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 қыркүйек 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.
big-02Eg.jpg

Президент облыстың ірі өндіріс ошақтарының бірі болып табылатын «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамын аралап көрді. Мемлекет басшысының назарына «БҚМЖ» АҚ-ының мұнай-газ саласына арнап шығаратын өнімдерінің озық үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ газ-компрессорлық стансаларға қажетті құрал-жабдықтар шығарып және жөндеуден өткізетін Қазақстандағы тұңғыш жүйе салтанатты түрде іске қосылды.

Зауыт жұмысшылары алдында сөйлеген сөзінде Елбасы облыстың жоғары индустриялық әлеуетін атап өтті. «Мемлекет шикізаттық емес сектор кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы, шетелдік инвесторлардың өнеркәсіптік жабдықтарды бірінші кезекте қазақстандық өндірушілерден сатып алуын талап ете отырып, өңір әлеуетін толық жүзеге асыруға қажетті барлық жағдайды жасап отыр».

Содан кейін Президент «Гидромаш-Орион МЖБК» ЖШС-інде болып, құрылыс материалдарын шығаратын жаңа жоғары технологиялық желіні іске қосуға қатысты.

Сол жерде Мемлекет басшысы облыстық машина жасау және құрылыс саласы кәсіпорындары шығаратын өнеркәсіптік өнімдердің экспозициясымен танысты.

Сонымен қатар, Президент Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында жас отбасыларға арнап салынған 90 пәтерлік «Жас отау» тұрғын үйін, сондай-ақ 300 бүлдіршінге арналған «Балбұлақ» жаңа балалар бақшасын аралап көрді.

Түстен кейін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының жаңа ғимаратында Мемлекет басшысының облыс активімен кездесуі болды. Президент өзінің сөйлеген сөзінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан экономикасының дамуына лайықты үлес қосып отырғанын, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістер көлемінің ұлғайғанын, шағын және орта бизнестің аяғынан нық тұруын, халықтың табысының артқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығын және экономикалық табыстарын нығайтудағы рөлін атап көрсетті, Батыс Қазақстан облысының Ресейдің шекаралас өңірлерімен ынтымақтастығының маңызын баса айты, сондай-ақ облыстың алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар