Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында Германия Федеративтік Республикасының экс-президенті Хорст Кёлермен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы мен ГФР бұрынғы президенті форумның күн тәртібін талқылады, жаhандық және аймақтық экономика мәселесін қарастырды, әлемдегі ағымдағы саяси жағдай туралы пікір алмасты.

Қазіргі уақытта Германия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына жатады. 2010 жылы өзара сауда көлемі 3,6 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады. Ал 2011 жылы аталған көрсеткіш 2,8 пайызға өсіп, 3,7 миллиард долларды құрады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар