Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында «ЭксонМобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсонмен кездесті.

Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда «ЭксонМобил» компаниясымен берік серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.

- Біз осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетіндеміз. Біздің бәрімізді «Қашаған» жобасын іске асыру қызықтырады, бұл жөнінде барлық мәселе келісілген. Сонымен қатар, сіздің компанияңыз Шетел инвесторлар кеңесіне белсене қатысады. «ЭксонМобил» - Қазақстан үшін маңызды серіктес, сондықтан бізге ұлттық экономиканы қарқынды дамытуға және табиғи ресурстарды тиімді игеруге көмектеседі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Тиллерсон де Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

«ЭксонМобиль» әлемдегі ірі жеке меншік мұнай компаниясы болып табылады. Корпорация Қазақстанда 19 жыл жұмыс істеп келеді, Солтүстік-Каспий мен Теңіздегі жобаларға, Каспий құбыры консорциумы мен Қазақстан Каспий жүйесі тасымалына қатысады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар