Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті.

Президентпен кездескендер қатарында Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш, Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Кристофер Писсаридес, Мюррей Гелл-Манн, Ада Цонат, Сэр Ричард Джон Робертс, Кэрри Бенкс Муллис болды.

Қазақстан Президенті Қазақстан үшін адамзаттың ең ойшылдарын мұндай құрамда өз жерінде қабылдау зор абырой екенін атап өтті.

- Астана экономикалық форумы бүгінде жаhандық оқиғаға айналды. Себебі, форум есімдері әлемге танымал теоретиктер мен практиктерді жинап отыр. Бүгінде ғылым әлемнің барлық елдері қозғап отырған, мерзімі жеткен көкейкесті проблемаларды шешуге қабілетті локомотив болуы қажет. Күллі әлем форумды қадағалай отырып, жаңа идеялар мен ұсыныстар күтетін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінде әлем дағдарыс қысымын сезінуді жалғастырып отырғанын атап көрсетті. Көптеген ел қаржы секторына едәуір қаржы бөлуге және бюджеттік шығыстарды қысқартуға байланысты елеулі шаралар қабылдады.

- Егер әлемдік валюта жүйесіне реформа жасалмаса, онда келесі дағдарыстар анағұрлым ауқымды және апатты болатынын болжау қиын еиес. Сондықтан мен одан ең сындарлы шығу жаңа класты бірыңғай әлемдік валютаны енгізу болып табылатынына анық сенімдімін. Әлемде дамыған және дамушы елдер арасында елеулі алшақтықтар бар екені белгілі. Дамушы елдерге заманауи технологияға қолжетімділікке ие болу қашанда күрделі. Инновация бәсекелестік күрестегі құрал болып табылатыны түсінікті. Алайда, бұл күрес көптеген елдің дамуына кедергі келтірерлік себеп болуға тиісті емес. Бұл ұтымды шешімді талап ететін күрделі де маңызды мәселе, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ форум аясында «G-global» бірегей диалог алаңы құрылғанын еске салып өтті. Аталған алаңда қазірдің өзінде жүздеген маңызды ұсыныстар мен ұсынымдар орналастырылған. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушыларды жоба жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Нобель сыйлығының лауреаттары экономикадағы халықаралық процестерге өздерінің сарапшылық бағаларын берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар