Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында Бүкіәлемдік зияткерік меншік ұйымының Бас директоры Френсис Гарримен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті біздің еліміз БЗМҰ-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті.

- Біз авторлық құқықты қорғауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдадық және біздің заңнамамызға белгілі бір түзетулер енгізілді. Қазақстанның алдағы уақытта БСҰ-ға кіруіне байланысты осы мәселелерге қатысты сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ф.Гарри Қазақстанның авторлық құқықты қорғау ісінде үлкен нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

Бүкіләлемдік зияткерік меншік ұйымы (БЗМҰ) БҰҰ-ның арнайы мекемесі және зияткерлік меншікті дамыту мен пайдалану жөніндегі жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Бүгінде БЗМҰ құрамына оған мүше 185 ел, 69 үкіметаралық ұйым және 284 үкіметтік емес ұйым кіреді.

Қазақстан 2003 жылы ұйымның Конвенциясын қабылдау арқылы БЗМҰ құрамына мүше болып енді. Қазақстан Үкіметі мен БЗМҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес бірлескен күш зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнама мен ҚР құқықты қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.

Соңғы екі жылда Қазақстан тарапынан халықаралық шарттар мен БЗМҰ конвенциясын ратификациялаған мына төмендегідей заңдарға қол қойылды: «Патент құқығы туралы шартты ратификациялау туралы»,  «Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы», «Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын ратификациялау туралы».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар