Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қыркүйек 2009
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевті, Беларусь Премьер-Министрінің орынбасары Андрей Кобяковті және Ресей Федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты қабылдады.

Ө. Шөкеев, А. Кобяков және И. Шувалов Президентке Алматыда өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық комитетінің 46-шы отырысы және Кедендік одақ комиссиясының 8-ші отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Интеграциялық комитеттің отырысы барысында Кедендік одақты және Қоғамдастық аясында бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері қаралды. Комиссияның отырысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және Кедендік одақты құру жөніндегі біріккен іс-қимыл, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына Беларусь, Қазақстан және Ресейдің кіруі жөніндегі келіссөздер процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар