Жаңалықтар

5 тамыз 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбековті қабылдады.

Ә.Жақсыбеков Президентке партияның өңірлік филиалдарының “Нұр Отаннан” Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну жөніндегі әзірлік жұмыстары туралы айтып берді.


Осыған байланысты “Нұр Отан” партиясынан үміткерлерге қолдау білдіру жөніндегі үгіт-насихат жұмысының жоспары талқыланды.


Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің қыркүйекте ашылатын екінші сессиясына байланысты партиялық фракцияның қызметі туралы, сондай-ақ тұтастай алғанда партияның ағымдағы жұмыстары туралы хабардар етілді.


“Нұр Отан” партиясының Төрағасы болып табылатын Мемлекет басшысы жұмыстың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, кадр резервін әзірлеу және партия тұрмысының басқа да маңызды мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар