Жаңалықтар

30 қыркүйек 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Астана» мешітінде болып, Қазақстандағы барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

- Баршаңызға Ораза айт мерекесі құтты болсын. Мұсылман қауымының бес парызының бірі – отыз күн ораза тұту. Қасиетті айда ораза ұстап, дүға жасаған, құран оқып Аллаға жалбарынған, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің баянды болуын тілеген барлық ағайынның ниеттерін мен де естіп жатырмын. Баршамыздың жасаған дұғаларымыз, Алладан тілеген тілектеріміз қабыл болсын. Еліміз әрдайым жетекші мемлекеттердің қатарынан табылып, мәртебесі биіктей берсін, - деді Елбасы.


Президент сондай-ақ соңғы жылдары жастарымыздың Алланың ақ жолына бой бұра бастағаны тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген құнды дүние екендігін атап өтті.


Қазіргі таңда елімізде 2300 мешіт пен төрт медресе жұмыс істейді. Қазақстан бүгінгі күні бейбіт өмір мен татулықтың алтын діңгегіне айналды.


Елбасы жер бетіндегі барлық дін достық пен татулыққа, кембағал жандарға қамқорлық жасауға үндейтінін атап көрсетті.


Мемлекет басшысы барша қауымға әруақытта жанның амандығын, деннің саулығын, ел-жұртымыздың тыныштығын тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар