Жаңалықтар

7 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

03

02

Президент ең алдымен қостанайлық «АгромашХолдинг» АҚ дизель зауытында болды. Мемлекет басшысы машина жабдықтау цехының, Ssang Yong және УАЗ маркалы автокөліктер, комбайндар құрастыратын зауыттың өндірістік жұмысымен танысты. Президентке Ssang Yong және УАЗ модельді бірқатар автокөліктер таныстырылды. Кәсіпорынның негізгі жұмыс түріне двигательдерді (түйіні мен бөлшектері) құрастыратын жабдықтаушы өндіріс, Ssang Yong маркалы автокөлігін құрастыру, ауыл шаруашылық техникалары мен ауыл шаруашылық қосалқы бөлшектерінің өндірісі жатады. 2011 жылы кәсіпорында жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын «Қостанай қаласында жылына қуаты 7500 бірлікке дейінгі Ssang Yong маркалы автокөлікті құрастыру өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасы іске асырылды. Жобалық қуаты: 2011 жылы – 1500 автокөлік, 2015 жылы – жылына 7500 Ssang Yong автокөлігін құрастыру. Кәсіпорында «ESSIL КЗС-740 өзі жүретін астық жинайтын комбайн және өзге ауыл шаруашылық техникасы өндірісі» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны – 6,7 млрд. теңге. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылық техникаларына қызмет көрсету және өткізу жөніндегі сауда-сервис орталығын кеңейту және жаңғырту» инвестициялық жобасы іске асуда. Жобаның құны – 2,1 млрд. теңге. Кәсіпорында барлығы 600-ден астам адам еңбек етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы көппрофильді жаңа ауруханада болды. Президент облыстың денсаулық сақтау саласының дамуы және облыстық аурухананың жұмысы туралы баяндамамен танысты. Мемлекет басшысы аурухана қызметкерлерімен және өңірдің медициналық жұмысшыларымен кездесті. Медициналық кешеннің ғимараты 5 блоктан тұрады. 300 орынды жаңа блоктың іске қосылып, ауруханадағы төсек саны 555-ке артты. Ауруханада 113 дәрігер, 381 кіші және орта медициналық құрамдағы мамандар жұмыс істейді. Кешенге емдеу-диагностикалық, жұқпалы, шаруашылық, әкімшілік корпус және консультациялық емхана жатады. Жалпы сметалық құны – 6 млрд. 191 млн. 117 мың теңге. Ауруханаға 1 млрд. 602 млн. теңгенің жабдықтары, соның ішінде компьютерлік томограф, эндобейнетехника, заманауи ультрадыбысты аппарат, операциялық блок жабдықтары, урология, нейрохирургия, торакальды хирургияға қажетті жабдықтар сатып алынған. Инвестициалық нысан «100 мектеп және 100 аурухана» жобасының аясында республикалық бюджет есебінен салынған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар