Жаңалықтар

29 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына арналған іс-шараларға қатысты.

01

02

03

Іс-шаралар Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Президент Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жетістіктер көрмесімен танысты. Көрменің мақсаты – ел Тәуелсіздігі жылдарында Қазақстан облыстарының экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда қол жеткізген жетістіктерінің, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және бизнесті дамыту бағдарламаларының орындалу нәтижесін көрсету.

Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында Қостанай облысының қол жеткізген нәтижелерінің қорытындыларына арналған экспозициямен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Н. Сәдуақасов Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық жағдайы мен әлеуметтік дамуы туралы баяндады. 2010 жылы облыста, 1993 жылмен салыстырғанда, жалпы өңірлік өнім 226 есе артып, халықтың жан басына шаққанда 975,4 мың теңгені (1993 жылы 3 мың теңге) құрады. 2010 жылы облыста 451 млрд. теңгенің өнеркәсіп өндірісінің өнімі өндірілді, бұл 1993 жылғы көрсеткіштен 300 есе артық. Тәуелсіздік жылдарында облыстағы ұн өндірісі 6 есе өсті, «Доре» қорытпасы 3,9 есе, боксит өндіру 1,7 есе, электр энергиясын өндіру 2,4 есе артты. 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында облыста 2003-2009 жылдары аралығындағы кезеңдерде жалпы сомасы 83,3 млрд. теңгенің 95 инвестициялық жобасы іске асырылып, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылды, оның ішінде жалпы сомасы 65,1 млрд. теңгенің 17 инвестициялық басым жобасы іске асып, 2 жарым мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. 1993-2010 жылдар аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 112 есеге артты (1993 жылғы 1,9 млрд. теңгеден, 2010 жылы 213,5 млрд. теңгеге дейін өсті). 20 жыл ішінде облыста 2 млн. 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орташа айлық  кесімді еңбекақы 1993 жылғы 132 теңгеден 2010 жылы 57268 теңгеге немесе 434 есе артты. Халықтың жан басына шаққандағы орташа айлық ақшалай кірісі 1993 жылы 55 теңге болса, ал 2010 жылы 31073 теңгеге жетті, яғни 565 есе өсті. Халықты жұмыспен қамту деңгейі 84,2 пайыздан 94,3 пайызға дейін өсті. Соңғы 7 жыл ішінде білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін Қостанай облысында 4340 орынға арналған 11 жалпы білім беретін мектеп, 140 орынды 1 балабақша салынып, 3 жалпы білім беретін мектеп пен 6 баабақшаға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстағы денсаулық сақтау мемлекеттік секторы 599 медициналық нысанмен толықты. Мәдениет мекемелерінің желісі 722 бірлікті құрады. 1991-2011 жылдары аралығындағы кезеңде спорттық ғимараттар саны 390 нысанға (1896) артып, 2266 бірлікті құрады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында Қызылорда облысының қол жеткізген нәтижелерінің қорытындыларына арналған көрмемен танысты. Облыс әкімі Б. Қуандықов Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық жағдайы мен әлеуметтік дамуы туралы баяндады. Он жыл ішінде облыстық бюджеттің көлемі 7,7 есе артты (14 млрд. теңгеден 109 млрд. теңгеге өсті). Облыста жалпы сомасы 267,5 млрд. теңгенің 138 жобасын іске асыру, осы орайда жаңадан 9707 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2010 жылы сомасы 33 млрд. теңгенің 27 жобасы іске асырылып, 938 жұмыс орны құрылды. 11 жоба – Индустриялық карта аясында жүзеге асты. 2011 жылы сомасы 56,5 млрд. теңгенің 33 жобасын іске асыру жоспарлануда. Жаңадан 1129 жұмыс орны ашылмақшы. Индустриялық карта аясында 9 жоба іске қосылады. Жыл басынан бері 11 жоба іске қосылды (оның 4-і Индустриялық карта аясында). Халықтың жан басына шаққандағы шығысы 6,6 есе өсті. Білімге арналған шығыстар 12,3 есе артып, 39,7 пайызды құрады, денсаулық сақтау саласының шығыстары 5,5 есе артып, облыстық бюджет көлемінің 17,6 пайызын құрады. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмекке арналған шығыстар 2,7 есе өсіп, облыстық бюджет көлемінің 4,4 пайызын құрады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар 7,6 есе өсіп, облыстық бюджет көлемінің 10,5 пайызын құрады. 87 білім беру нысаны, 73 денсаулық сақтау нысаны салынды. 11 балалар мен жасөспірімдер мектебі, 58 спорттық алаңдар салынды. 2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 44,2 млрд. теңгені құрады (2001 жылға қарағанда 4,3 есеге өсті), осы ретте саладағы еңбек өнімділігі 1,8 есе артты. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарын себу алаңы 44,3 пайызға ұлғайды, оның ішінде күріш себу алаңы 32 пайызды құрады. Қазіргі уақытта облыста Республикада жиналып алынатын күріштің жалпы көлемінің 90 пайызға жуығы өндіріледі. Облыста ұзындығы 811,7 шақырымды алып жатқан және облыстың барлық аудандарын қамтитын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы жүзеге асырылуда. Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2008 – 2010 жылдары 721 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы өңірлік өнім халықтың жан басына шаққанда 10 есе өсіп, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1,2 млн. теңгені құрады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында Оңтүстік Қазақстан облысының қол жеткізген нәтижелерінің қорытындыларына арналған экспозициямен танысты. Облыс әкімі А. Мырзахметов Мемлекет басшысына облыстың экономикалық серпіні жайлы, әлеуметтік және гуманитарлық дамуы туралы баяндады. Жалпы өңірлік өнім 1991 жылы 7 млрд. теңгеден 2010 жылы 1,1 трлн. теңгеге жетіп, 163 есе артты. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 121 есе өсті, 1991 жылы 3,7 мың теңге болса, ал 2010 жылы 447,8 мың теңгеге артты. 20 жыл ішінде негізгі капиталға инвестиция көлемі 225 есе өсті, облыстық бюджеттің көлемі 25 есе артты. 2010 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 305 млрд. теңгені құрады. Облыста 280 жаңа кәсіпорын ашылып, 17 мың жұмыс орны құрылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 57 жоба жүзеге асты. Кәсіпкерлер саны 7,1 есе өсіп, 43 мыңнан 305 мың адамға артты. Өндірістік өнім көлемі 127 млн. теңгеден 327,9 млрд. теңгеге артты. Шағын кәсіпкерлік суъбектілерінің инвестициядағы үлес салмағы 5,9 пайыздан 50,3 пайызға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1991 жылы 10,5 млрд теңгеден 2010 жылы 162,5 млрд. теңгеге дейін артты. Жылыжай алаңы 322 гектарға жетіп, республикадағы көрсеткіштің 70 пайызын құрады, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 370 гектарды құрайды. Білім беру саласын қаржыландыру көлемі 1991 жылы 107,7 млн. теңге болса, 2010 жылы 121,8 млрд. теңгеге ұлғайды. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1991 жылы 58,8 млн. теңге болса, 2010 жылы 21,5 млрд. теңгеге ұлғайды. 224 мәдениет нысандары жаңадан ашылды. 1,5 млн. облыс тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2009-2011 жылдары бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік аясында сомасы 2 млрд. теңгенің 30 әлеуметтік, мәдени-архитектуралық нысандары салынды.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залында өткен Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарының Мәдениет күндерінің Гала-концертін тамашалады. Концертте осы өңірлерден түлеп ұшқан халық артистері мен еңбек сіңірген артистер, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, халық аспаптары оркестрлері, би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар