Жаңалықтар

21 сәуір 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовты қабылдады.

Қ.Кәрбозов Президентті кедендік шаруалардың қазіргі таңдағы жағдайымен таныстырды.

Өткен жылдың маусым айынан бері Комитет кедендік қызметтің жағдайын сауықтыруға мүмкіндік берген 14 жүйелі іс-шараны жүзеге асырған. Жемқорлыққа қарсы кезең-кезеңді жұмыс жүргізілуде. Кедендік органдармен өз қызметкерлеріне қарсы 62 қылмыстық іс қозғалып, келеңсіз уәжбен 58 лауазым иесі қызметінен босатылған.


Шекаралық аймақтарда сейф-пакет, интеграциялық бақылау, құжаттарды біркезеңді рәсімдеу тәртібі және басқа мемлекеттермен бірлескен бақылау жүргізу сияқты кедендік рәсімдеу мен бақылаудың жаңа түрі тәжірибеден өткізілді.


Қозы-Көрпеш Кәрбозов кеден ісі бюджеттің салымды бөлігін толтырудың негізгі көзі болып отыр деп атап өтті. Республикалық бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтардың кірісі жылдан жылға артып келеді, 2008 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ол 31,7% құрап отыр. Салық төленетін қор өсіміне қарағанда төлемнің озық өсімі 9,8% жетіп отыр. Бұл факт кедендік әкімшілік жүргізудің жоғары деңгейін көрсетеді. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау негізінде кедендік органдармен шағын және орта кәсіпкерлікті тексерудің барлық түрі тоқтатылды.


Мемлекет басшысы кедендік органдардың жұмысына оң баға берді және жалпы кеденді жетілдіру мен дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.


- Аз уақыт ішінде өте көп шаруа атқарылған. Соған қарамастан мен тәртіп орнатуға қарсы үлкен қарсылықты сезіп тұрмын. Мен Кедендік бақылау комитетінің қызметін қолдаймын. Комитет тәртіп орната бастаса болды, телефон қоңыраулары, қысым көрсету көбейе түседі. Бұл шектен шыққандық. Мен барлығына Кедендік бақылау комитетінің қызметіне қолдау көрсетуге тапсырма беремін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар