Жаңалықтар

25 қаңтар 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады.

Ә. Исекешев Президентті 2010-2011 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы, сондай-ақ 2012 жылға арналған міндеттер туралы хабардар етті.

- Мен Мемлекет басшысына осы кезеңдерге арналған негізгі бағыттар бойынша - өнімділікті арттыру, энергия тиімділігі, инвестиция тарту, салалық бағдарлама мен металлургия, химия, машина жасау, геология, минералдық-шикізаттық кешенді дамыту, тау-кен байыту өнеркәісібі, туризм салаларындағы жобаларды іске асыру және мемлекеттік қолдау шарасы ҮИНДБ бойынша іс-шаралар жоспары іске асырыла бастағаны туралы баяндадым.

Президент бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар