Жаңалықтар

5 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады.

Қ. Қожамжаров Мемлекет басшысына еліміздің Президентінің бақылауында тұрған, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьяларына, «Қорғас» пен «Қалжат» кеден бекеттеріндегі контрабандалық фактілері бойынша ҰҚТ-дың мүшелеріне қатысты бірқатар қылмыстық істердің тергелу барысы және басқалары туралы баяндап берді.

Бұдан басқа, қаржы полициясы органының ағымдағы жылдың 8 айының ішіндегі «көлеңкелі» экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша жедел-қызмет жұмысының нәтижелері баяндалды. Аталған кезеңде 5,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс ашылған. Бес мыңға жуық қылмыстық іс сотқа жолданған. Мемлекет пен азаматтарға келтірілген сомасы 113 млрд. теңге көлемінде зиян өтелді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар